Kcell ісі: 467 миллионнан астам теңге жымқырған директор сотталды

Kcell ісі: 467 миллионнан астам теңге жымқырған директор сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «Kcell Solutions» ЖШС-ның бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оған қатысты «Kcell» АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдік бар.  Агенттіктің мәліметінше, бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін 5 компанияның есепшотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған. Өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңге аванс алған. Тергеуде қаржы директоры ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, жұмсағаны анықталды. Сот үкімімен азамат М.Шөкей ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 10 жылға дейін қаржы саласында қызмет атқара алмайды.