Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
Фото: lada.kz
257
оқылды
Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша рұқсатпен Қазақстанда 16 278 шетелдік жұмыс істеп жүр. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат). Үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 8 115 және 825 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 685 адам, Түркия – 1 977 адам, Үндістан – 1 268 адам, Өзбекстан – 1 195 адам, Сербия – 1 109 адам. Қаңтардан бастап шетелдік жұмысшылар саны 28 352 бірліктен 23 560-ға дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқарды.