Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант өндірісіндегі ең басты проблемаларды айтты. Оның айтуынша, жыл сайын тұтыну үшін шамамен 532 мың тонна қант керек.
«Қант өндіру үшін керек шикізаттың 7 пайызы ғана өзімізде бар. Оған себеп, қант қызылшасын суаратын ең бірінші су тапшы, оны жинайтын қол еңбегіне қара жұмысшы жетіспейді. Қант зауыттары ескірген», – деді Ербол Қарашөкеев.Су проблемасы шешілсе, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейтеді. Ол үшін 5-6 жыл ішінде субсидия мен жеңілдетілген кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет.