Мемлекет басшысы саяси тұрғыда бейтарап болуы қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы саяси тұрғыда бейтарап болуы қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл туралы Президент «АМАNAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде сөйлеген сөзінде айтты.
«Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым» – деді Қасым Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ саяси жүйеде әділеттілік орнату мәселесіне де назар аударды.
«Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады» – деп атап өтті Президент.