Жаңа Қазақстан – мызғымас бірлік мекені
Жаңа Қазақстан – мызғымас бірлік мекені
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде бірлік күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы сессиясы қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек сессия делегаттарымен, ҚХА мүшелерімен, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Кездесуде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек этномәдени бірлестіктердің бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін жүргізіп жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
– Біздің ең басты жетістігіміз – бейбітшілік. Біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Көп ұлтты ел үшін Ассамблеяның рөлін бағаламау немесе асыра бағалау қиын. Біз үлкен отбасымыз. Кез-келген отбасында әртүрлі сұрақтар туындайды. Бірақ этномәдени бірлестіктердің арқасында олардың барлығы жедел шешілуде.  Ассамблея алаңы – бірегей алаң, біз оны белсенді түрде пайдаланамыз. ҚХА-ның өңірдегі әлеуметтік-саяси жағдай мен экономикалық тұрақтылыққа қосқан үлесі зор, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
 width= Сондай-ақ, «Жаңа Қазақстан – мызғымас бірлік мекені» атты кездесуде өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы институтын сақтау, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.
– Көп жылдық тәжірибесі бар педагог ретінде мен кез келген елдің бірлігі мен игілігінің негізі – ақылды және тәрбиелі балалар деп санаймын. Біздің еліміздің болашағы оларды біз қалай тәрбиелейтінімізге байланысты болады. Сондықтан біз балаларды тәрбиелеуге мектептерде де, отбасында да үлкен көңіл бөлуіміз керек. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге сай тәрбиеленген жан-жақты дамыған жастар ғана жарқын болашақ құра алады, – деді Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Күліш Төлеуханова.
Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі туралы сөз қозғады. Олар жұмысшы мамандығының имиджін көтеру қажеттігін, патриоттық тәрбие берудегі әкелік рөлі туралы айтты. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары медицина және экология саласындағы жаңалықтарымен және жетістіктерімен бөлісті.  width= Баяндамашылардың бірі Күнту Серікжан әлеуметтік желілердің рөлі туралы мәселені көтеріп, барша жұртшылықты әлеуметтік желіні тек бейбіт мақсатта, жақсылық жасау үшін пайдалануға шақырды. Өз пікірлерімен бөліскендердің қатарында жуырда өткен тікелей сайлау нәтижесінде жаңадан сайланған Абай ауданы Құрма ауылының  әкімі Айжан Қыдырбаева  де болды. Ал Қарағанды ​​техникалық университетінің Жастар саясаты департаментінің директоры Рустам Бузяков таяуда ассамблея мүшесі атанды. Ол – республикалық сессияға алғаш рет барады. Рустам еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосуға уәде берді.   Бұл күні Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған оқушылар суретінің көрмесі ұйымдастырылды. 16 жасар  Данил Воробьев  «Менің Қазақстаным» графикалық картинасында туған елінің болашақта қалай болатынын елестетуді ойлап, ерекше сәулет өнеріне тоқталуды жөн көрген. Данил өз суреттерін басқа елдерге онлайн байқауларға жіберіп жүлделі орындарға ие болған. Дөңгелек үстел соңында қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғамды құруға қосқан үлесі үшін облыс басшысының атынан Вилен Молотов-Лучанский (еврей мәдениеті орталығы), Виталий Тварионас (Литва ұлттық-мәдени орталығы LITUANICA), Деспина Касапиди (грек мәдени орталығы «Понтос»), Виктор Кисту («Видергебурт» неміс орталығы), Лилия Ким (кәрістердің этномәдени бірлестігі), Рамис Ширинова («Дағыстан» ұлттық мәдени орталығы), Михаил Коновалов (ҚХА мүшесі), Рустам Бузяков (ҚХА мүшесі) секілді қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.