Қарағанды қаласындағы Достық үйінде бірлік күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы сессиясы қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек сессия делегаттарымен, ҚХА мүшелерімен, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. Кездесуде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек этномәдени бірлестіктердің бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін жүргізіп жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.
– Біздің ең басты жетістігіміз – бейбітшілік. Біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Көп ұлтты ел үшін Ассамблеяның рөлін бағаламау немесе асыра бағалау қиын. Біз үлкен отбасымыз. Кез-келген отбасында әртүрлі сұрақтар туындайды. Бірақ этномәдени бірлестіктердің арқасында олардың барлығы жедел шешілуде. Ассамблея алаңы – бірегей алаң, біз оны белсенді түрде пайдаланамыз. ҚХА-ның өңірдегі әлеуметтік-саяси жағдай мен экономикалық тұрақтылыққа қосқан үлесі зор, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
– Көп жылдық тәжірибесі бар педагог ретінде мен кез келген елдің бірлігі мен игілігінің негізі – ақылды және тәрбиелі балалар деп санаймын. Біздің еліміздің болашағы оларды біз қалай тәрбиелейтінімізге байланысты болады. Сондықтан біз балаларды тәрбиелеуге мектептерде де, отбасында да үлкен көңіл бөлуіміз керек. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге сай тәрбиеленген жан-жақты дамыған жастар ғана жарқын болашақ құра алады, – деді Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Күліш Төлеуханова.Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі туралы сөз қозғады. Олар жұмысшы мамандығының имиджін көтеру қажеттігін, патриоттық тәрбие берудегі әкелік рөлі туралы айтты. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары медицина және экология саласындағы жаңалықтарымен және жетістіктерімен бөлісті.