Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және орталығында желдің екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-18 м/с. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Шаңды дауыл соғады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні –15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні – 15-20 м/с.