Қарағандылық полицейлер Ақтөбе тұрғынының жүк көлігінен 18 тоннадан астам балық тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 сәуірде Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Уылдырық шашу” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. 8.40 шамасында Қарағандыға кіре берістегі Екатеринбург-Алматы автожолында полицейлер Ақтөбенің 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатты.
Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан шашылған 17 тонна сазан және 1 тонна 200 келі беріш балығы табылды.
Жүргізушінің айтуынша, ол балықтарды Балқаштағы жеке кәсіпорындардың бірінен тиеп, Ақтөбе қаласына апара жатқан. Бірақ ер адамның тиісті рұқсат құжаттары жоқ болып шықты.