27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: canal3.md
159
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, жауады. Жел екпіні күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде найзағай, дауыл соғады. Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, таулы аудандарда желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.