Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен құтқарушылардың жағдайы ауыр
Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен құтқарушылардың жағдайы ауыр
Фото: ПД-нен алынды
109
оқылды
Павлодар облысы Баянауыл ауылында жол апатынан үш адам зардап шекті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Нива» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігімен соқтығысқан. «Көліктер айып тұрағына қойылды. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», – деді полицей. Көлікте Баянауыл ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері болған. Жол апаты салдарынан 1991, 2000 және 1988 жылы туған Баянауыл ауданының ТЖ бөлімінің үш қызметкері зардап шекті. Олар аудандық ауруханада емделіп жатыр. Барлығы жабық бас сүйек-ми жарақатын алған.
«30 жастағы ер адамның жамбасы мен білегі сынған. Оған травматикалық шок диагнозы қойылды. Ер адамның жағдайы ауыр. 22 жастағы жүргізушінің де жамбасы сынған. Екінші жолаушы да жарақат алған, – дейді дәрігерлер.