Гаражда 30 миллион теңгенің есірткісін сақтаған астаналық ұсталды

Гаражда 30 миллион теңгенің есірткісін сақтаған астаналық ұсталды

Астанада «Құқықтық тәртіп» арнайы операциясы кезінде 39 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Полицейлер Кинологиялық қызмет орталығының итімен тінту барысында «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап ішінен есірткі тапты. Салмағы – 25 келі. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Акбаровтың айтуынша, тәркіленген есірткі 5 мың рет тұтынуға жетеді. Қара нарықтағы құны 30 миллион теңге болады. Факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.