Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ешкінің жүнін ұрлаған тұрғын ұсталды. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қорасынан ешкінің жүні жоғалғанын айтып арызданған. Қорасына ұры түсіп, үш қап жүнді ұрлап кеткен. Polisia.kz-тің жазуынша, шығын көлемі – 75 мың теңге. Фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Ұрыны жан-жақты іздеген полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол кредитін төлеу үшін үш қап жүнді ұрлағанын мойындады. Күдіктіден үш қап ешкі жүні тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін «Несие тарихы түзелгендер қайта кредит алып, тағы да төлемейді» деген сарапшы пікірін жариялаған болатынбыз.