Отбасылық жанжалды полициядан жасыратындар азаймай отыр – ІІМ
Отбасылық жанжалды полициядан жасыратындар азаймай отыр – ІІМ
Фото: 31tv.ru
Отбасылық ұрыс-керістен соң жапа шегетіндер көбейді. Жәбірленушілер көбінесе полицияға арыз жазбайды. Ішкі істер министрлігінің дерегінше,  Әкімшілік кодексте отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында санкцияларға осы баптарды қамауға алуды енгізе отырып (тиісінше 15 және 10 тәулік) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-1-бөлігі) және ұрып-соғу (ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі) фактілері бойынша құқық бұзушылықтарға дербес арнайы жаза бар. Яғни, мәселенің мән-жайына қарай осы баптардың санкцияларында айырмашылық бар. Онда ӘҚБтК-нің 73-1 және 73-2-баптары бойынша іс-әрекеттер жасағаны үшін қамауға алынады немесе сот шешімімен айыппұл төлейді. Заң бойынша жауапқа тартылады. Көбінесе, отбасылық жанжалда жәбірленушілер арыздануға асықпайды. Зорлық-зомбылық дерегін жасырады.