Жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайды
Жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: almaty.tv
227
оқылды
«Қазақстан темір жолының» мәліметінше, №221/222 Алматы-2 – Достық (коммерциялық) пойызы Алматы-2-ден 2022 жылғы 15 маусым-31 тамыз аралығында сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері жүреді. Ал Достықтан 2022 жылдың 16 маусымынан бейсенбі, сенбі және сейсенбіде аптасына 3 рет қатынайды. Нұр-Сұлтан-1-Достық қатынасындағы №258/257 пойызы аптасына Нұр-Сұлтан-1-ден 2022 жылғы 16 маусым – 28 тамыз аралығында бейсенбі және жексенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылғы 17 маусым – 29 тамыз аралығында жұма және дүйсенбі күндері 2 рет қатынайды. Билетті bilet.railways.kz сайты немесе банктердің мобильді қосымшасынан алуға болады.