Базар Әшімұлы мен Аягүл Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы KazNews АА Forbes Mongolia журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Моңғолиялық Forbes журналы «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 моңғолиялық» рейтингін жариялады.Тізімде әртүрлі саладағы мықты жас кәсіпкерлер бар. Биылғы жылғы тізімге екі қандасымыз кірген. Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне “Хэруга партнерс” компаниясының негізін қалаушы, адвокат Базар Әшімұлы мен “CallPro” компаниясының атқарушы директоры Аягүл Тілейханқызы бар.