Таразда күйеу баласы енесінің үйін тонап кетті
Таразда күйеу баласы енесінің үйін тонап кетті
© platon.asia
171
оқылды
Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонап кеткен, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаменті Тараз қаласының полиция бөліміне 66 жастағы әйел хабарласып, үйі тоналғанын жеткізген. Шамамен сағат 00:20-да белгісіз ер адам үйіне баса-көктеп кіріп, қорқытып, 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңгесін, 2 алтын сақинасы мен ұялы телефонын ашық түрде алып кеткен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол қажылыққа бару үшін ақша жинаған. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар - Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары. Сондай-ақ, күдіктілердің бірі жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ұсталғандар өз кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @zhambyl_police