Елорда мешіттері қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алатыны белгілі болды
Елорда мешіттері қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алатыны белгілі болды
© astanacb.com
Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағат үшін 22:00-де кіріспе түрінде уағыз айтылады. Құптан намазы сағат 22:35-те басталса, Тарауих намазы 22:50-де басталады. Ал Хатым Құран дұғасы 00:30-да оқылады. Ары қарай сағат 01:00-ден бастап жамағаттың еркін құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі. Елордадағы мешіттердің бәрінде Қадір түніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесі осы уақытта өтеді. Айта кетейік, Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда арнайы жүретін автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады. Автобустардың бағдарлары төмендегідей: «Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты: - «Спутник» супермаркеті; - ТЖ вокзалы; - «Көктал-1,2» ТА. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты: - «Көктал-1,2» ТА; - ТЖ вокзалы; - Мед. колледж. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты: - «Көктал-1,2» ТА; - «Кирпичный» ТА. «Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты: - «Ильинка» ТА. «Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты: - «Рахмет» СО.