Атырауда әскери техниканы сатпақ болған ер адам ұсталды
Атырауда әскери техниканы сатпақ болған ер адам ұсталды
Фото:polisia.kz
209
оқылды
Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырауда 35 жастағы ер адам бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) заңсыз сатуға тырыс­қан. Бұл туралы 12 сәуірде полицияға жед­ел ақпарат түскен. Оны Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі әскери көлік табылып, тәркіленген. https://www.youtube.com/watch?v=SIEBbmeneB4 Қазіргі уақытта дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалған.