Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
241
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстікте, батыста шаңды дауыл болады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с және 23-28 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде батыста, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с немесе 23-28 м/с-қа жетеді. Таңертең және күндіз орталықта, Қызылорда облысының шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз орталықта шаңды дауыл соғады. Алматы облысының солтүстік-шығысында жел 17-22-25 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында да жел күшейеді. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман болады. Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе қаласының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.