28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ves-vesti.ru
141
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек қана батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте онымен бірге шаңды дауыл болады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 23-28 м/с артатыны болжанады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз өңірдің орталығында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының солтүстік-шығысында желдің күші 25 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с артады. Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал. Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.