Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысының өкімімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.