Полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің 700 мың теңгесін бір-ақ күнде қайтарып берді
Полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің 700 мың теңгесін бір-ақ күнде қайтарып берді
Фото: news.myseldon.com
Петропавлда алаяққа алданған зейнеткер полицейлерден араша сұрады, – деп жазады Polisia.kz. Полицейлер күдіктіні тауып, алданған зейнеткерге 700 мыңнан астам теңгесін өзіне қайтарып берді. 75 жастағы зейнеткер қаражатын шетел валютасында сақтаған. Алаяқ өзін «оның Ресейде тұратын жиені» ретінде таныстырып, ақша сұраған. Зейнеткер өз қолымен 1,5 мың еуроны алаяққа беріп жіберген. 1,5 мың еуросынан айырылған зейнеткер ақшасы табылатынына сенбеген.
«Маған жедел уәкіл қоңырау шалып, ақшамның табылғанын, алып кетуіме болатынын айтқанда қатты таңғалдым. Арыз жазғаныма небәрі 1 жарым тәулік өткен еді. Полицейлер такси шақыртып, үйге дейін жеткізді», – дейді зейнеткер.
Күдіктінің бұрын да қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет істі болған 39 жастағы Қарағанды тұрғыны екені анықталды. Петропавлға жеке шаруасымен келгенде зейнеткерді алдап, 1,5 мың еуроны алып кеткен.