Ветеринариялық қызметті ұйымдастыруда зерттеулер мен талдаулар жүргізу керек
Ветеринариялық қызметті  ұйымдастыруда зерттеулер мен талдаулар жүргізу керек
552
оқылды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев былтырғы Қазақстан халқына жолдауында Ветеринария саласын жетілдіру қажеттігін айтқан болатын. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты екенін атап, бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керегін де айтты. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.   Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс. Үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шараларын атап өтті. Ветеринария жүйесінде қайта құру, реформалау және оңтайландыру  мәселелері 30 жыл бойы өтіп келеді. Ветеринария жүйесінде де жүргізілген реформалардың ешқайсысы өз жемісін берген жоқ, олардың барлығы сәтсіз болып шығуының себебі неде??? Бұл ветеринария жүйесін жетілдіру үшін реформаланғаннан кейін уәкілетті орган тарапынан ветеринариялық істі ұйымдастыруда зерттеулер мен талдаулар жүргізбеген деген ойға жетелейді. Қызмет барысында туындайтын проблемаларды ескерілмейді, оларды жою үшін тиісті шаралар немесе оған ықпал ететін жағдайлар қабылданбайды. Сондықтан жүйеде қолда бар тәжірибені ескермейінше бұрынғы қателіктерді, алдыңғы реформалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін есепке алмайынша, реформаны сәтті жүргізу мүмкін емес. Жергілікті жерлерде ветеринарлық станцияларды құру, оларды қажетті техникамен, ветеринарлық атрибуттармен жабдықтау дұрыс шешім болғанын айта кеткеніміз абзал. Бұл жергілікті жерлерде халыққа жыл бойына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы кезеңде жұқпалы аурулар өршіп кеткен жекелеген жағдайларын есептемегенде, аумақтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Уақыт өте келе ветеринарлық станциялардың қызметінде проблемалар пайда бола бастады, сәйкесінше уәкілетті органдар олардың қызметін жетілдіру үшін уақытында шаралар қабылдамағандықтан қызмет құлдырай бастады. Осы мәселелердің бәрі уәкілетті органға (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі) жеткізілді, тиісті ұсыныстар берілді. Бірақ, оларды жою және қызмет барысында туындаған мәселелерді шешу бойынша ешқандай шаралар қабылданбады. Ветеринариялық мекемелердің (райветлабораториялар, райветстанция ветпункт) мемлекеттік монополия  функцияларын бәсекелестік ортаға беру ертелеу деп санаймын. Бүгінгі таңда бәсекелестік ортаның нашар дамығанын, ал ауылдық жерлерде ол мүлдем жоқ екенін ескеретін болсақ, бәсекелестік орта мұндай міндеттерді өзіне қабылдауға дайын емес деп айтуға болады. Ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық пункттердің қызметін бәсекелестік ортаға беру - проблемаларды шешуі екіталай. Алдыңғы тәжірибелерден көріп отырғанымыздай, жекелеген қызмет түрлерін бәсекелес ортаға бергеніміз ешқандай жақсылыққа апарған жоқ. Беру кезең-кезеңмен жүргізілуі керек.  Қазіргі ветеринариялық ұйымдарды кейбір қызмет түрлерінен босату және оларға аумақтың биологиялық қауіпсіздікті (биоқорғауды) тікелей қамтамасыз ету жергілікті жерлерде жануарларды емдеу қызметтерін көрсетумен және т. б. айналысуға мүмкіндік беру үшін бәсекелестік ортаға бірінші кезекте берілуге жататын жекелеген түрлерді ойластыруға болады. Демек, қалған функцияларды жүзеге асыру үшін ветеринарлық станциялардағы тиісті жағдайлар қарастырылу керек және оларды жасау үшін тиісті тетіктерді әзірлеу қажет. Бүгінгі таңда ветеринарлық зертханаларда бірқатар проблемалар туындап отыр. Көптеген аудандарда олар қолданыстағы талаптарға сәйкес келмегендіктен жабылып қалған. Аудандық және облыстық зертханаларда мал ауруын анықтайтын зерттеулер жүргізілмейді. Нәтижесінде малдың түсік тастауы мен улануын бөліп ажырату мүмкін емес. Республикалық зертхана негізінен Ауылшаруашылық министрлігі бекіткен шектеулі аурулармен айналысады. Осының әсері көптеген ауруларды назардан тыс қалуына алып келеді. Ветеринариялық зертханалардың функцияларын беру жағдайында бәсекелестік ортаның жеке диагностикалық орталықтарды құралғандығы күмән туғызады. Бұл бірінші кезекте тиісті инфрақұрылымды, кәсіби кадрлық жарақтандыруды және т.б.  проблемалардың шешуге қатысты. Сонымен қатар, облыстық ветеринариялық зертханаларда олардың нәтижелерін бақылау және қайта тексеру үшін қосымша қаражат талап етілмейтіндігіне кім кепілдік береді. Ветеринария саласындағы орган мен мекеменің қызметінің тиімділігін, жұмыстағы үйлесімділікті қандай да бір аурудың немесе төтенше жағдайдың пайда болу кезеңіндегі әрекеттері арқылы бағалай аламыз. Мысалы, 2021 жылдың мамыр айынан бастап бірқатар облыстарда малдың жаппай науқастанғанын көрсететін және кейбір жағдайларда жануарлардың өліміне алып келетін, оларды емделуі күрделі  аурулардың тіркелгені ешкімге құпия емес. Аумақта ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді үйлестіру құзыретіне кіретін органдар (ветеринария басқармасы, аудандық және облыстық инспекция) сапалы және уақтылы алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдамады, соның салдарынан ауру эпизоотиялық ошақтарда оқшауландырылмай эпизоотияға айналды, бұл аурудың кең  таралуына алып келді. Аурудың таралуы әлі де жалғасуда, оған қоса оның одан әрі тарала бермейтіндігіне ешкім кепілдік бермейді. Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы ветеринария жүйесінде бұл құрылымдардың барлығының өзара, әсіресе "тікелей" қарым-қатынасы әлсіз, сондықтан жекелеген практикалық мәселелерді шешу кезінде кедергі жиі туындайды, бірыңғай "тікелей" басқару қамтамасыз етілмейді, бұл шұғыл эпизоотиялық жағдайларда жедел әрекет етуге кері әсер ететіні анық. Жоғарыда айтылғандардың негізінен, ветеринария жүйесіндегі құрылымдардың өз мақсатына сәйкес келуі керек деп қорытынды жасауға болады. Осыған байланысты ветеринария жүйесін және тұтастай алғанда ветеринариялық істі жетілдіру жолдарын табу үшін ветеринария жүйесін реформалау мәселесіне асқан сақтықпен қарауды талап етеді. Сондықтан бұл әдіс, өзінің тәжірибесін, өзінің қателіктерін, алдыңғы реформалардағы барлық оң және теріс тұстарын ескере отырып жүргізілуі әрі кешенді болуға тиіс.  

Асқарбек Үйсімбаев,

ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депутаты,

               «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшесі