Алматы облысында ит талаған 9 жастағы бала ауруханада жатыр
Алматы облысында ит талаған 9 жастағы бала ауруханада жатыр
Фото: news.postimees.ee
Алматы облысы Жамбыл ауданында ит қапқан бала ауруханада жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында болған. Ақсеңгір ауылының Атажұрт көшесі 29-үйде бос жүрген ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны қауып алған. Жедел жәрдем баланы Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізді. Бала ақылы бөлімде ем алып жатыр. Баланы қауып алған ит 23 сәуірде ұсталды. Ұзынағаш ауылының ветеринарлық станциясына қамалды.