Қарыз беруден бас тартқан зейнеткерді өлтірген ер адам сотталды
Қарыз беруден бас тартқан зейнеткерді өлтірген ер адам сотталды
Фото: ser-per.kz
150
оқылды
Оқиға былтыр күзде болған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот кеше осы фактіге қатысты үкім шығарды, – деп жазады alau.kz. Былтыр 26 ​​қазанда кешкісін Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылында Сергей Бышов 87 жастағы ауылдасынан 20 000 теңге қарызға алуға келген. Қария қарыз беруден бас тартқан. Сол кезде бөлмедегі сөмкені тексеріп, ер адам 120 мың теңге тауып алған. Зейнеткер қолындағы пышағымен сөмкені қайтаруды талап еткен. Сол сәтте Бышов зейнеткерді ұрып-соғып, пышақпен жаралаған. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды. Бышов ақшаны алып кетіп, бірнеше сағаттан кейін қайта оралып, шкафтан миллионға жуық теңгені тағы да алған. Сотта сотталушы Бышовтың кінәсі толық дәлелденіп, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы сот үкімі шықты.