29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: almaty.tv
144
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында күндіз дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің күші 23-28 м/с артады. Ақмола облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік-батысында желдің күші 23 м/с жетеді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.