Теміртауда балаларды тонаған ұры ұсталды
Теміртауда балаларды тонаған ұры ұсталды
Фото: www.cheltv.ru
246
оқылды
Теміртау қаласында бірнеше оқушының киім-кешегін ұрлаған ұры ұсталды. Биыл 19 сәуірде Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оның 14 жастағы егіз ұлы қалада жаттығу залына барған. Сол жерде балаларын тонап кеткен. Шығын көлемі – 50 мың теңге. «22 сәуірде жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұрлаған заттарды қайтарды», – деді полицей. Тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы барын анықтаған. Барлық ұрлықты жаттығу залдарында жасаған. 6 сәуірде ұры бассейнде жүзіп жүрген бір оқушының киіну бөлмесіндегі шкафынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қолды болған телефонның құны – 129 мың теңге. Ұрыға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.