Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді
Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді
Фото: ainews.kz
Оқиға Алматы облысы Алакөл ауданында болған. Полицейлер мас күйінде өз анасын сабап өлтірген 40 жастағы ер адамды ұстады, – деп жазады zakon.kz. Сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні ауруханаға 62 жастағы әйел түсті. Ауыр соққы алған әйелге дәрігерлер көмек көрсеткенімен, ол есін жимастан қайтыс болды. Әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады.
«Күдікті мас күйінде өгей әкесі мен анасын ұрып-соққан. Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілсе де, қайтыс болды. Күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр», – деді полицей.
Күдікті бұрын да қылмыстық жауапқа тартылған.