Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел бірлігін сақтау, ассамблея жұмысын жандандыру қажеттігін айтты.
«Ел бірлігін нығайтып, қоғамдағы ахуалды тұрақсыздандыруға талпыныс байқалса, дер кезінде бейтараптандыру қажет. Себебі, мұндай қателіктер өте қымбатқа түсетінін, бұған дейінгі жетістігіміздің бәрін жоққа шығаруы мүмкін екенін түсіну маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Айта кетейік, бір айдан кейін Ұлттық құрылтайда қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыланады.