Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М.Бекееваның өз-өзін өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды» делінген агенттіктің ресми хабарламасында.Бұған дейін «Шымкентте баспасөз хатшысына қысым жасап, суицидке жеткізген кім?» деген мәселені жазған болатынбыз.