Доллар бағамы 1,29 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 1,29 теңгеге арзандады
© pixabay
210
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы үшінші күн қатарынан арзандады. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,29 теңгеге арзандады. 1 доллар 446,38 теңге болды. Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448,49 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 444,73 теңге, сатып алу – 450 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 445,09 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 449,14 теңге.