Қазақ тіліндегі видеоларымен танымал болған блогер Алексей Лодочников TikTok желісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түсірілген видеосын жариялады. Лодочников Мемлекет басшысына сауал қойды.
“Менің президентім – краш деп жазып жатыр. Сіз жастардың кумиріне айналдыңыз. Ал сіздің крашыңыз кім?”, – деді блогер.Президент оған “әрине, жастар, сіздерге зор үміт артамын” деп жауап берді. Видео Ақорда резиденциясында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясынан кейін түсірілген. Шарада Алексей Лодочников сөз сөйледі. Краш сөзі (ағылш. crush) – шын ұнататын адам; адамның жан-дүниесіне ләззат сыйлайтын нысан деген мағына береді.
@lodochnikov_Президент: Мой краш - это молодёжь 🔥 А кто твой краш?😍 ♬ оригинальный звук - Алексей Қайықбаев