Бас шаһардың тағы бірнеше көшесіне ұлт зиялыларының есімі беріледі
Бас шаһардың тағы бірнеше көшесіне ұлт зиялыларының есімі беріледі
204
оқылды
Елорда мектептері мен көшелеріне қазақтың біртуар тұлғаларының есімі беріледі. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакеновтың төрағалығымен өткен ономастикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды.  Жиынға Дархан Мыңбай, Өмірзақ Озғанбаев, Бүркітбай Аяған, Жамбыл Артықбаев, Марат Әбсеметов, Дәулеткерей Кәпұлы сынды ұлт жанашырлары қатысқан. Отырысқа қатысушылар ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіру мәселесін қозғап, көшелерге Нұркен Әбдіров, Шерхан Мұртаза, Сафуан Шаймерденов, Нұрлан Балғымбаев, Тұрсынбек Кәкішев есімін беруді, сол сияқты елорда мектептеріне Талғат Бигелдинов, Мағжан Жұмабаев, Темірбек Жүргенов есімдерін беру жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады. Берік Жакеновтің айтуынша, ономастикалық жұмыс мемлекеттік саясатта маңызды орын алады. «Оның Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтудағы, ұлттық мәдениеттің дамуындағы, халықтың менталитетінің ерекшеліктерін сақтаудағы рөлі даусыз. Сондай-ақ көшелер мен объектілерді атау кезінде елордамыздың ерекше мәртебесін де ескеру керек», - деді ол.