Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіруде жүрген қазақстандық азамат Германияда құрықталды
Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіруде жүрген қазақстандық азамат Германияда құрықталды
300
оқылды
Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Павлодар облысының тұрғыны Нюрнбергте ұсталды. Күдіктіге Интерпол халықаралық іздеу жариялаған. Облыстық полицейлердің мәліметінше, жас жігіт 2021 жылдың қыркүйек айында Екібастұзда қарақшылық жасап, Германияға қашып кеткен. Сонымен қатар полицейлер тағы бір қылмыскер туралы айтты.
Павлодарда Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысының ішкі істер басқармасы іздеу жариялаған 58 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген,– деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомстводағылар жыл басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер 25 қылмыскердің ізіне түскенін мәлімдеді.