Қостанай облысында полицей көлігімен бірге суға батып кетті
Қостанай облысында полицей көлігімен бірге суға батып кетті
360
оқылды
Қостанай облысында жол апаты салдарынан полицей суға батып кетті, деп хабарлайды Alau.kz сайты. Биыл 28 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзіне бекітілген учаскеде рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді. Дегенмен онымен байланыс үзіліп, іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті жерді тексеру кезінде су қоймасы түбінен көлік табылды, салоннан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды. Сырттай қарау кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.