Бәсекеге қабілетті қоғам құру керек
Бәсекеге қабілетті қоғам құру керек
398
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы сайлауалды платформасында ел үшін маңызды ше­шімдер референдум арқы­лы қабылданатынын айтқан болатын. Енді, міне Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерді де жалпыхалықтық референдум арқылы енгізуді ұсынып отыр. Іс жүзінде жаңа саяси модельді қалыптастыру, билік институттары арасындағы тежеу мен тепе-теңдіктің теңдестірілген тетіктері үшін, жабық жүйеден ашық саяси жүйеге көшу үшін ашық плебисцит өткізіледі. Қазақстандықтарға билік институттары жұмысының жаңа тиімді форматы үшін, ықпалды Парламент үшін, өкілді мәслихаттар үшін, есеп беретін және ашық Үкімет үшін еститін, жауап­ты және белсенді әкімдер үшін, саяси плюрализм үшін, бәсекеге қабілетті қоғамдық-саяси орта үшін дауыс беру қажет. Әлеуметтік сауалнамалар емес, референдум арқылы біз Екінші Республиканың құрылысына қоғамдық қолдау көрсету деңгейін түсінуіміз керек.

Оразғали СЕЛЬТЕЕВ, Еуразиялық интеграция институтының  директоры, саясаттанушы