Алтай» Азия чемпионатының финалында
Алтай» Азия чемпионатының финалында
409
оқылды
Өскеменнің «Алтай» әйелдер командасы Семей қаласында өтіп жатқан Азия клубтық чемпионатының финалына жолдама алды. Өткен жылғы Азия клубтық чемпионатының жеңімпаздары биыл топтық кезеңде бес қарсыласының бәрін де жеңді. Сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері Қазақстан атынан қатысып жатқан «Қуаныш» (СҚО) клубына ғана бір сет берді – 3:1. Қалған командаларды 3:0 есебімен қапы қалдырды. Өскемендіктер басты қарсыластарының бірі таиландтық Diamond Food-Fine Chef Sport Club командасын 3:0 (25:12, 25:20, 26:24) есебімен жеңді. Тағы бір сербиялық маман Дарко Добресков жаттықтыратын «Қуаныштың» да финалға шығатындай мүмкіндігі бар. Негізгі қарсыласы таиландтық клубтан 3:1 есебімен басым түскен солтүстік-Алтайқазақстандықтарға енді Ираннан келген Barij Essence командасын жеңсе жетіп жатыр. Осы ойыннан кейін жүлделі орындар үшін шешуші бәсекелер басталады.

А.ЖАСАНҰЛЫ