Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі пара алғаны үшін ұсталды

Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі пара алғаны үшін ұсталды

Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алды (Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша)», - делінген хабарламада.
Агенттік мәліметінше, 27 сәуірде арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.