Елордада инклюзивті черлидинг бойынша ашық турнир өтуде
Елордада инклюзивті черлидинг бойынша ашық турнир өтуде
Сурет: kaz.elorda.info
313
оқылды
Бүгін Нұр-Сұлтандағы паралимпиадалық жаттығу орталығында инклюзивті черлидинг, чир-спорт және мажорет-спорт бойынша Қазақстандық ашық турнир өтуде. Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам бала қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада инклюзивті черлидинг бойынша ашық турнир өтуде
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту.  />
<blockquote>Турнир паралимпиадалық спорт түрінен өткізіліп жатыр. Бұл біздің орталықта өтетін секция болып табылады. Іс-шараға 200-ден астам бала қатысады. Жас ерекшелігі 5 жастан бастап 16 жасқа дейін. Балалар 15 топқа бөлінген. Яғни мүгедектік түрі бойынша. Әртүрлі диагнозы бар балалар бар. Паралимпиадалық орталықта барлық спорт түрінен ай сайын түрлі жарыстар өтіп тұрады. Инклюзивті черлидингтен турнир екінші рет өткізілуде. Қазақстан бойынша 5 аймақтан қатысушылар келді, - деді паралимпиадалық жаттығу орталығының баспасөз хатшысы Нұрғали Жұмағазы.</blockquote>
<img src=