Бүгін Нұр-Сұлтандағы паралимпиадалық жаттығу орталығында инклюзивті черлидинг, чир-спорт және мажорет-спорт бойынша Қазақстандық ашық турнир өтуде. Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам бала қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту.
Айта кетсек, қатысушылар арнайы классификация арқылы, мүгедектік түріне қарай топтарға бөлінді.
А тобы-есту қабілеті бұзылған (саңырау, нашар еститін) спортшылар.
B тобы-көру қабілеті бұзылған спортшылар (нашар көретін, соқыр).
С тобы-соматикалық аурулары бар спортшылар (эндокриндік жүйе аурулары, қант диабеті, ішкі ағзалардың болмауы және т.б.).
D тобы-тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар (арқасы бифид, ампутанттар, арбашық).
Е тобы-бұлшықет дамуы бұзылған спортшылар (полиомиелит, серпімділік, церебральды сал ауруы).
F тобы-психикалық және ақыл-ой кемістігі бар спортшылар (ақыл-есі кем, аутизм спектрінің бұзылуы, Даун синдромы).
G тобы - өсудің бұзылуы (ахондроплазия)
H тобы-аралас топтар (әртүрлі топтардың спортшылары).
Турнир нәтижесінде барлық командалар мен қатысушылар кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Турнир паралимпиадалық спорт түрінен өткізіліп жатыр. Бұл біздің орталықта өтетін секция болып табылады. Іс-шараға 200-ден астам бала қатысады. Жас ерекшелігі 5 жастан бастап 16 жасқа дейін. Балалар 15 топқа бөлінген. Яғни мүгедектік түрі бойынша. Әртүрлі диагнозы бар балалар бар. Паралимпиадалық орталықта барлық спорт түрінен ай сайын түрлі жарыстар өтіп тұрады. Инклюзивті черлидингтен турнир екінші рет өткізілуде. Қазақстан бойынша 5 аймақтан қатысушылар келді, - деді паралимпиадалық жаттығу орталығының баспасөз хатшысы Нұрғали Жұмағазы.