Петропавлда жеңіл көлік өртеніп, ішіндегі газ баллоны жарылды. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, газбен жүретін Audi жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы ақпарат 30 сәуірде таңғы 07.26-да түскен.
"Өртсөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті 07.40-та Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің кезекшілері жойды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлады департамент өкілдері.