Кабул мешітінде болған жарылыстан 50 адам қаза тапты

Кабул мешітінде болған жарылыстан 50 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда мешітте жарылыс болып, қаза тапқандар саны 50-ден асты, - деп хабарлайды REUTERS. Оқиға 29 сәуірде ауған астанасының Дар-ұл-Аман көшесі маңындағы Халифа Сахиб мешітінде болған.

"Ауғанстан Ислам әмірлігі қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Бұл қылмысқа кінәлілер жақында табылып, жазаланады", - деп жазды Уақытша ауған Үкіметінің мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забихулла Мужахид Twitter-де.