Қарнақ ауылында сәулеті ерекше мешіт ашылды
Қарнақ ауылында сәулеті ерекше мешіт ашылды
Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының халқы асарлатып 3000 орындық мешіт салды. Ғибадат үйі ертең – Ораза айт күні ашылады деп жоспарланып отырғандығын айтады «ҚазАқпарат» тілшісі. Жаңа мешіт Кентау қаласына қарасты 2 мың жылдан астам тарихы бар Қарнақ ауылының кіреберіс бөлігінде орналасқан. Ерекше сәулет үлгісінде салынған ғибадат үйі үш қабаттан тұрады. Оның қазығы 2019 жылы қағылып, үш жылдан астам уақыт бойы құрылысы жүргізілген. Мешіттің бой көтеруіне барлық қазақстандықтар күш салып, үлес қосты. Яғни, асарлату әдісі қолданылды. Мешіттің құрылысына шет мемлекетте жүрген қазақстандық жомарт жандардың да үлесі бар.  width= Ынтымақ пен бірліктің аясында салынған Алла үйі соңғы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда имам бөлмесінен бөлек, оқу орталығы, кітапхана, арнайы жуынатын бөлмелер мен көлік тұрағы бар. Мешітке құлшылық жасауға келетін жамағатқа барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда ішкі бөліктерін әрлеу және абаттандыру, санитарлық тазалық секілді жұмыстар жүргізіліп жатыр.