Мереке күндері Ақмола облысында қауіпсіздік шаралары күшейеді

Мереке күндері Ақмола облысында қауіпсіздік шаралары күшейеді

Мереке күндері Ақмола облысында қауіпсіздік шараларын күшейту жоспарланып жатыр. Аймақтағы полиция департаментінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылады. Ведомствоның хабарлауынша, жолдарды, көшелерді және адам көп жүретін қоғамдық орындарды патрульдік полиция бригадалары тәулік бойы бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, жаяу бөлімшелері енгізіледі, Ұлттық ұлан мен біріктірілген полиция күштері тартылады. Күшейту  алдында Ақмола облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке құрамның дайындығы мен қызметтік көліктердің жай-күйі тексерілді. Патрульдік бригадаларда дәрі-дәрмек қобдишалары, өрт сөндіргіштер, авариялық тоқтату белгілері болуы керек. Көліктер бейнетіркегіштермен және басқа да қажетті арнайы құралдармен жабдықталған.