Бес мыңға жуық қазақстандықты алдаған қаржы пирамидасының иесі құрықталды
Бес мыңға жуық қазақстандықты алдаған қаржы пирамидасының иесі құрықталды
279
оқылды
Көкшетауда бес мыңға жуық қазақстандықты алдаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды. Енді ол сот алдына жауап беретін күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын - 147 миллион теңге. Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, бұл қылмыстық іс қазір Степногорск қалалық сотына жолдады. «Тергеу барысында Степногорск қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы табыстың жылдам өсуі туралы ақпарат таратып, 5 мыңнан астам адамды алдағаны анықталды. 147 миллион теңгені иеленіп, ұйымдастырушы қоңырауларға жауап беруді тоқтатты», - делінген ведомствоның мәліметінде. Белгілі болғандай, қылмысты деп танылған азамат 2018 жылы салымшыларды тарту үшін сегіз инвестициялық бағдарлама (тәсіл) құрған. Содан соң, инвесторларға салым сомасына байланысты жедел төлемдер уәде етеді. Күдікті өз компаниясының сенімділігі мен әлеуетті салымшыларды адастыру үшін әлеуметтік желілерде оның және басқа да салымшылардың бизнес-класс автомобильдерін сатып алғаны туралы ақпарат таратты. «Компания қызметкерлері үшін жаңа клиенттерді тартқаны үшін көтермелеу жүйесі әзірленді. Кейін пайдалы инвестиция салғысы келетіндердің саны мыңдап шыға бастағаннан кейін төлемдер тоқтатылды. 2021 жылы қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша айып тағылды. Жылдам пайда табу және басқа қатысушыларды шақыру үшін ақша тарту қызметін ұйымдастыру бұл елдегі заңмен қудаланатын қаржы пирамидасының белгілері", - деп жазылған хабарламада.