Қазақстандық үздік он боксшы кімдер?
Қазақстандық үздік он боксшы кімдер?
222
оқылды
Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты. Sports.kz сайтының мәліметінше, онда Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингке қайтадан көш бастағанын көруге болады. Жәнібек Әлімханұлы екінші орынға түсіпті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов басады. BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:
  1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) - 684.7
  2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) - 30.81
  3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) - 17.58
  4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) - 13.59
  5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) - 12.51
  6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) - 12.07
  7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) - 11.96
  8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) - 10.69
  9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) - 9.655
  10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) - 8.247.