Павлодар облысындағы вокзалда пойыз үстіне шығып, селфи жасамақ болған қыз токқа түсіп қалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқиға 30 сәуір күні болған. Сағат 22.10-да электр тогынан жарақат алған қыз туралы ақпарат түскен. 8 минуттан кейін дәрігерлер келген. 2004 жылғы қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде медициналық көмек көрсетіліп жатыр. "Бүгін науқас Павлодардағы №1 аурухананың күйік бөліміне ауысады. Куәгерлердің сөзінше, қыз пойыздың үстіне селфи жасау үшін шыққан", - деді ведомство өкілдері.