Үздік қазақстандық боксшылар рейтингісі жаңарды
 Үздік қазақстандық боксшылар рейтингісі жаңарды
232
оқылды
Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz сайты. Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді. BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы: 1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7 2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81 3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58 4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59 5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51 6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07 7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96 8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69 9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655 10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247.