Қазақстандық жас әнші «Голос. Дети» жобасында 3-орын иеленді
Қазақстандық жас әнші «Голос. Дети» жобасында 3-орын иеленді
837
оқылды
11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы ресейлік «Голос. Дети» жобасында суперфиналға шығып, 3-орын иеленді.
Жобаның жеңімпазы, шоудың ең кішкентай қатысушысы – Егор Крид командасының мүшесі сегіз жасар Аделия Загребина болды. Екінші орынға Бастаның 12 жасар шәкірті София Олареско ие болды. Оған көрермендердің 32,2% дауыс берді.
Полина Гагаринаның командасына түскен 11 жасар Сайын Өмірбайұлы 27,2 пайыз дауыс жинап жүлделі үшінші орынға тұрақтады.