Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
254
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. 2 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел күтіледі. Ақтауда шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде 2 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде - 3 градусқа дейін аяқ болады. Орал қаласында түнде топырақ бетінде 3 градус шамасында үсік жүреді. Ақмола облысының солтүстік жартысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. 2 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік жартысыңда жел солтүстік –батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2 мамырда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Шымкент қаласында 2 мамырда кешкісін найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда 2 мамырда түстен кейін найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 2 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда 2 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.